background

Мұрағат 2019: «Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі және жасыл энергетиканы дамыту»


Форумның мақсаттары:

ҚР жаңа Экологиялық кодексінің жобасына қатысты мәселелер шеңберін, сондай-ақ энергия үнемдеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Форумның міндеттері

  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) экологиялық талаптарына сәйкестендіру;
  • ҚР жаңа Экологиялық кодексінің жобалық ережелерін жергілікті жерлердегі табиғат пайдаланушылардың нақты қажеттіліктері мен мүмкіндіктерімен келістіру;
  • табиғат пайдаланушыларын «жасыл» технологияларды енгізуге ынталандыру;
  • қоршаған ортаны қорғау, энергияны B2G және B2B форматтарында үнемдеу мәселелерін шешу мақсатында, мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы тиімді коммуникациялық және ақпараттық-іскерлік алаңға қолдау көрсету;
  • «жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында тәжірибе алмасу;
  • мұнай-газ өнеркәсібінде экологиялық бағыттылықты қарқынды дамытуға жәрдемдесу.

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ
ДЕЛЕГАТТАРЫНЫҢ ҮНДЕУІ

read
(жүктеу)

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕТІСТЕРІ
инновациялық экологиялық идеялар

I ОРЫН

Имангалиева Асем
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің студенті

Резеңке техникалық бұйымдар қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол төсеуге арналған асфальтобетон алудың жолы ұсынылды. Инновациялық жобада қазіргі заманның үш негізгі өзекті мәселесі қарастырылды: жол - құрылыс саласы, қалдықсыз химиялық технология, экологиялық проблема.

Жобаның жетекшісі Сатаева Сафура Саниевна.

II ОРЫН

“АльQ”КОМАНДАСЫ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері

Жұмыс барысында химиялық тоқ көздері қалдықтарының қоршаған ортаны ластау мәселесі қарастырылды. Шешім ретінде инновациялық алюминий – ауа химиялық тоқ көздерін әзірлеу ұсынылды.

"Innovation WKATU"КОМАНДАСЫ
ЖәңгірханатындағыБатысҚазақстанаграрлық-техникалықуниверситетініңстуденттері

Жоба мультифазалық күрделі орталарды айдаумәселелер іншешуге бағытталған, бұл өнеркәсіптің ресурстық және энергиялық тиімділігі нарттыруғаықпалететін болады. Өндіріске мультифазалық полимер-керамикалық электромагниттік сорғыныәз ірлеу және енгізу ұсынылды.

Жоба жетекшісі: Нұрмаш Нұрлан.

III ОРЫН

Әбдіқайым Аружан және Амандыкова Гүлпатшайым
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері

Өндipicтiк aймaқтapдaғы мұнaй қaлдықтapын, кoкcтey қaлдықтapын тиiмдi пaйдaлaнып, oлapды кәдeгe жapaтy мeн қaйтa өңдey мaқcaтындa жaңa ғылыми-тexникaлық жeтicтiктepдi пaйдaлaнып, қaлдықтapды aз шығapaтын жәнe өндipicтe түзiлгeн қaлдықтapды қaйтa пaйдaлaнyдың тexнoлoгиялық жүйeciн ұсынылды.

Жобаның жетекшісі Кусаинова Бакытгуль Махамбетовна.

«ЭКС / Студенттердің экологиялық клубы /” КОМАНДАСЫ
Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері

Тұқы тұқымдастары кәсіптік балықтардың тіршілігіне Көшім және Орал өзендерінің эпидемиологиялық жағдайының әсері туралы зерттеулер жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша, аурудың себептері және мәселелерімен таныстыру мақсатында халыққа арналған ескертпе әзірленді.


Жоба жетекшісі: Бисалиева Жазира Енсепқызы.

МҰРАҒАТ