background

Мұрағат 2018: «Экологиялық мегатрендтер:
Жасыл экономика және қоршаған ортаны қоғау»


Форумды талқылаудың негізгі тақырыптары

"ҚР-ң қоршаған ортаны қорғау және қайтымды энергетика саласындағы мемлекеттік саясаты:":

  • 2025 жылға дейінгі ҚР-ң стратегиялық даму жоспары. Елдің Үшінші Жаңғыруы – Экологиялық мәдениеттің дамуын іске қосу;
  • 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР-ң заңнамасын жетілдірудің келешегі;
  • Экологиялық тұрғыда тұрақты мемлекеттің үлгісі ретінде бизнес, билік және қоғамның серіктестігі;
  • Еліміздің жасыл экономикасының дамуындағы жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының рөлі;
  • Ресейде баламалы энергетиканың даму келешегі;
  • Энергияны үнемдеу саласында заңнама талаптарына шолу және энерготиімділікті арттыру. Даму мүмкіндіктері.

"Экологиялық жағдайды жақсарту. Қалдықтарды қайта өңдеу және жою саласының дамуы":

  • Қалдықтарды басқару бойынша Мемлекет Саясаты;
  • Қалдықтарды басқаруда ҚР-ң заңнамасын жетілдірудің келешегі;
  • Қалдықтарды қайта өңдеуге арналған технологиялар мен құрылғылар;
  • Өндірушілер/импорттаушылардың кеңейтілген міндеттері;
  • Полигондарда жерге көмуге тыйым салынуына байланысты тағамдық және құрылыс қалдықтарын жою мәселесін шешудің жолдары. Құрылыс мекемелерін құрылыс жобаларында құрылыс қалдықтарын пайдалануға ынталандыру;
  • Өндірістік қалдықтарды екінші рет пайдалануға қатысты технологиялар мен әдістер.

Форумның міндеттері

«Uralsk Green Forum» экологияның және энергия үнемдеудің өзекті мәселелерін талқылауды, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату саласында заманауи әдістер мен шешімдерді қарастыруды өз міндеті ретінде қояды.

Форумның мақсаттары:

  • Қоршаған ортаны қорғау, B2G және B2B форматында энергияны үнемдеу мәселелерін шешу мақсатында мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы тиімді коммуникациялық және ақпараттық-іскерлік алаңды қолдау;
  • "Жасыл экономика" концепциясын жүзеге асыру аясында келекшектегі серіктестік үшін тәжірибемен алмасу;
  • Мұнай және газ өнеркәсібінде экологиялық бағытттың қарқынды дамуына ат салысу;
  • Энергияны үнемдеу мен энерготиімді технологияларды ендіру және оларды шешудің мүмкін жолдарын тежейтін факторларды анықтау;
  • Қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар және қалдықтарды өңдеу саласында өз тауары мен қызметтерін ұсынатын Қазақстандық тауар өндірушілерді және кіші және орта бизнес өкілдерін қолдау;
  • Компания экологтары – табиғатты пайдаланушылардың, мемлекеттің жоғары деңгей құрылымдарының өкілдерінің, мамандандырылған бірлестіктер мен эколог-сарапшының негізгі кездесу орны ретінде Орал қаласының жағдайын қолдау.

Екінші Халықаралық «Uralsk Green Forum» экологиялық форумы
«Экологиялық мегатрендтер: Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау»

БАҒДАРЛАМАСЫ

read
(жүктеу)

Екінші Халықаралық «Uralsk Green Forum» экологиялық форумы
«Экологиялық мегатрендтер: Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау»

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ

read
(жүктеу)

Uralsk Green Forum - 2018