background

Мұрағат 2017: «Экологияның және энергия үнемдеудің заманауи мәселелері.
Дамудың жаңа әдістері және жолдары»


Форумды талқылаудың негізгі тақырыптары

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру":

  • Энергия үнемдеу саласында мемлекеттік саясат (мақсаттар, міндеттер, ағымдағы мәртебе, болашаққа жоспарлар)
  • ТМД елдерінде Энергия үнемдеу – тәжірибе алмасу
  • Энергия тиімділігінің кедергілері және оларды өту жолдары
  • КПО б.в. кәсіпорнында энергия тиімділігін талдау.

"Мұнай саласында қалдықтарды басқару жүйесі":

  • Негізгі талаптар, ҚР-ның Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасын қабылдауына байланысты қалдықтар бойынша ережелер
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алудың жаңа ережелері, қалдықтар бойынша есептіліктер
  • қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою бойынша кәсіпорындарға қойылатын талаптарды шолу
  • Полигондарда көмуге тиымға байланысты тағамдық, құрылыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты мәселелерді шешу жолдары, құрылыс кәсіпорындарын құрылыс қалдықтарын пайдалануға ынталандыру және олардың пайдалануын құрылыс жобаларына қосу
  • Жол карталары, БҚО-да ТҚҚ бағдарламалары
  • Қалдықтарды басқару жүйесі
  • Тағамдық қалдықтарды, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың шешу жолдары (презентация, бейнероликтер)
  • Полигондарда көмуге тыйым салынған қалдықтарды бөлек жинау ( макулатура бойынша презентация және бейнеролик, НБҚ, батареялар және т.б.)

Форумның міндеттері

«Uralsk Green Forum» ЕХРО-2017 көрмесінің қарсаңында Жасыл экономика тұжырымдамасын ілгерілету аясында экологияның және энергия үнемдеудің өзекті мәселелерін талқылауды, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату саласында заманауи әдістер мен шешімдерді қарастыруды өз міндеті ретінде қояды.

Форумның мақсаттары:

  • ҚОҚ, B2G және B2B пішімінде энергия үнемдеу мәселелерін шешу үшін мұнай-газ өнеркәсібі саласында тиімді байланыс және ақпараттық-іскерлік алаң құру;
  • Тәжірибе алмасу және Жасыл экономика тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында кейінгі ынтымақтастық үшін тұғырнама құру;
  • Мұнай-газ өнеркәсібінде экологиялық бағыттың қарқынды дамуына көмектесу;
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділік технологияларын енгізуді тоқтатып тұрған факторларды анықтау және ықтимал шешу жолдарын іздеу;
  • Өз тауарларын қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар мен қалдықтарды қайта өңдеу саласында ұсынатын қазақстандық тауар өндірушілерін және КОБ өкілдерін қолдау
  • Табиғат пайдаланушы-компаниялар экологтарының, жоғарғы деңгейлі мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің, мамандандырылған қауымдастықтар мен эколог-сарапшылардың негізгі кездесу жері ретінде Орал қаласының мәртебесін көтеру.

«Экологияның және энергия үнемдеудің заманауи мәселелері.
Дамудың жаңа әдістері және жолдары» тақырыптары аясындағы «Uralsk Green Forum» (UGF)
халықаралық экологиялық форумының (UGF).

БАҒДАРЛАМАСЫ

read
(жүктеу)

«Экологияның және энергия үнемдеудің заманауи мәселелері.
Дамудың жаңа әдістері және жолдары» тақырыптары аясындағы «Uralsk Green Forum» (UGF)
халықаралық экологиялық форумының (UGF).

РЕЗОЛЮЦИЯСЫ

read
(жүктеу)

Uralsk Green Forum - 2017